Арыңды таза ұста. «Нұр Отан» партиясы үздік әлеуметтік бейнероликтер байқауын қорытындылады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған шараның мақсаты - жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын насихаттау. Байқау ережесі бойынша, кез келген азамат ұзақтығы 60 секундттан аспайтын бейнеролик түсіріп жолдауы керек. Екінші рет өткізілген шараға 200-ден астам өтініш келіп түскен. Үздіктер қаржылдай сыйлықтармен марапатталды. Келесі жылы жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталмақ.
Илья Терненченко, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
- 3 жүлделі орын тағайындадық. Жеңімпаздар әр өңірден және түрлі мамандық өкілдері. Келесі жылы біз байқауды жаңа деңгейге көтереміз. Жеңімпаздарды таңдау жұмысы жетілдіріледі. Жаңа байқау туралы ақпаратты алдағы көктемге дейін хабарлаймыз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.