«Ақмола Power» көрме-байқауында көкшелік жастардың инновациялық жобалары таныстырылды
«Ақмола Power» көрме-байқауында көкшелік жастардың инновациялық жобалары таныстырылды. Биылғы жарыс екі тақырып бойынша өтті. Ауыл шаруашылығы саласы және өнеркәсіп. Барлығы 30-дан астам инновациялық туынды қаралды. Жастар ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттырудың жолдарын іздеген. Бидай мен көкөністердің шығымдылығын жоғарылату бойынша тың көзқарастар ұсынған. Сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу арқылы энергия өндіру, туризм саласын дамыту сынды жаңа жобалар бар.
Айсұлу Басарова, студент:
- Біз адамға зиян келтіретін химиялық жолмен емес, биологиялық жолмен қолданылатын препараттарды қолдану арқылы осы өнімдердің өнімділігін жоғарылататын болатынбыз. Жобаның нәтижесі жақсы болды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы