Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясы жыл бойы қайырымдылық шараларын қолға алмақ
Семейде электр желісінің пайда болғанына биыл 100 жыл толды. Осыған орай, Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясы жыл бойы қайырымдылық шараларын қолға алмақ. Мекеме аста-төк дастархан, сән салтанаттан гөрі, әлеуметтік мекемелерге көмек беру арқылы мерейтойды атап өтпек. Қайырымдылық акциялары Семейдегі балабақша, мектеп интернаттар мен қарттар үйінен бастау алды. Компания өкілдері бөбекжайға, жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған интернатқа керек жарақтарын сыйға тартты. Ал, жаз шыға қаладағы қартта үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізбек.
Бауыржан Смағұлов, Семей электр желісінің бастығы:
- Есік алдында демалатын орындары бар екен. Оны дұрыстап жасап береміз. Есіктерінің алдында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп береміз. Тағы қаладағы бір мекемеге сондай тарту жасайық деген ойымызда бар. Біз осындай шараларды алдағы уақытта да өткізетін боламыз.
Ержан ЖАҚЫП
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
