Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында күн суытады

19.12.2018

Алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында күн суытады. Ауа тепературасы -35 градусқа дейін жетеді. «Қазгидромет» мамандарының 20-22 желтоқсан күндеріне ұсынған болжамы бойынша аталған өңірлерде бұрқасын болып, қар жауады және қатты жел соғады. Таулы аймақтарда өткінші қар жауып, тұман түседі және жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы республиканың бүкіл аумағында климаттық нормадан біршама төмен болады. 

Айнұр Қайынбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Астана қаласы бойынша алдағы 3 тәулікте 20 желтоқсанда аздаған қар жауады, ауаның температурасы 18-20, күндіз 16 градус аяз. Ал, 21-22 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынсыз. Ауаның түнгі температурасы 26-28 аязды құраса, күндіз 20-22 аязды құрайды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу