ШҚО-да алимент төлемегені үшін 22 адам қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да алимент төлемегені үшін 22 адам қамауға алынды

14.12.2018

ШҚО-да 29 адам алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Ал, 22 адам қамауға алынды. Биыл облыста осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Полиция, прокуратура және сот орындаушылары бірігіп жүргізген шаралардан соң, 3,5 мың балаға ай сайын заңды төлемдері түсе бастады. Жыл басынан өндірілген қаржының жалпы сомасы - 130 миллион теңге. Алимент төлеуден жалтарған тағы 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Табысы жоқ адамдарға жұмысқа орналасуға да қолғабыс жасалған. Кейбірі курстарға және қайта оқуға жіберілген. «Ал, алимент төлеуден қасақана жалтарғандарға қатаң шара қолданылады», дейді құзырлы орган өкілдері.

Қуаныш Жұрсынбаев, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Арыз жазған жағдайда, қылмыстық іс қозғалып, борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу