Астана қаласында су мәселесі өте өткір. Таза су тапшылығы, өзен сулардың мөлшерден тыс лай болуы секілді мәселелер елордада өткен жиында сөз болды. Алты ай бойы жалғасқан зерттеу нәтижесінде Астана мен Алматы қалаларындағы экологиялық және әлеуметтік проблемалардың тізімі жасалды. Жиын барысында бірқатар жобалардың таныстырылымы өтті. Мәселен, қолданылған қағазды жинап, оны қайта өңдеу ұсынылды. «Осы арқылы таза ауа қайнары саналатын ағаштарды сақтап қалуға жол ашамыз», дейді ұйымдастырушылар.
Зарина Биімбаева, «Impact Hub» компаниясының құрылтайшысы:
- Үшінші жобамыз - экобокстар. Оны қаладағы кеңселерге орнатамыз. Макулатураны жинап, өндіріс ашамыз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
