Маңғыстаудағы жағалау күзетінің кемелеріне Иса мен Досан батыр есімдері берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы жағалау күзетінің кемелеріне Иса мен Досан батыр есімдері берілді

14.12.2018

Маңғыстаудағы жағалау күзеті 2 катермен толықты. Сонымен қатар, Баутино ауылында шағын теңіз айлағы пайдалануға берілді. Онда бір мезгілде 10 әскери кеме тоқтай алады және порт Каспийдің оңтүстігі мен солтүстігіне жылдам шығуға мүмкіндік береді.

 Ал, жаңа катерлер еліміздің шекарасы мен аумақтық суларын қорғап, заңсыз балық аулауға тосқауыл қою бағытында қызмет етпек. Су көліктері құрлықта жүріп, суда жүзеді. Отандық өнім Оралдағы «Зенит» зауытында құрастырылған. Оларға маңғыстаулық батырлар Иса мен Досанның есімдері берілді. 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу