Кеме апатынан 42 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеме апатынан 42 адам қаза тапты

10.03.2014
Кеме апатынан 42 адам қаза тапты
Йемен жағалауындағы кеме апатының салдарынан 42 заңсыз мигрант ажал құшты, деп хабарлайды Agence France-Presse. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Шабва провинциясы жағалауынан бірнеше шақырым жерде болған.
 
Йемен қорғаныс министрлігінің мәліметінше, опат болғандардың басым бөлігі - Африка елінің азаматтары. Жағалау күзетінің қызметкерлері құтқару шарасы кезінде 30-ға жуық адамды судан алып шыққан. Олар Майфаа қаласындағы босқындар лагеріне жіберілді.
 
Айта кетейік, Эфиопия мен Сомали мигранттары Сауд Арабиясына бара жатқан жолда Йеменді көбіне көлік ауыстыру бекеті ретінде пайдаланады.
 
2012 жылы бұл елге Африкадан 84 мыңға жуық адам келген.

Хабарламаларға жазылу