Италия маңында, Жерорта теңізінде 50 мигрант мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия маңында, Жерорта теңізінде 50 мигрант мерт болды

27.08.2015
Италия маңында, Жерорта теңізінде 50 мигрант мерт болды

Италияның жағалау күзеті арнайы құтқару операциясының барысында көшіп-қонушылар мінген қайықтан 50 адам денелерін көрген. Кемелер 430 адамды құтқарып алды, деп хабарлайды жағалау күзетінің өкілі.  

Құтқару операциясы шведтердің Посейдон кемесінің көмегімен жүзеге асырылған. Операцияға қатысқан ресми өкілдердің мәліметтерінше, 26-тамызда барлығы Ливия жағалауынан 50 км аймақта 10 қайық жүзіп жүрген.  

Өткен аптада Италияның жағалау күзеті Еуропаға бет алған бірнеше мың мигранттарды судан аман алып қалды.

БҰҰ-ның мәліметтерінше, 2015 жылы Жерорта теңізінде 1 мың 800-ден астам мигрант мерт болған.

Еуропалық Одақтың ресми өкілдерінің мәліметтерінше, Еуроодақтың шекарасына жиналып қалған мигранттардың саны шілде айында рекордтық 107 мың 500 адамға жеткен.  Бұл мигранттардың санағы жүргізіле бастаған 2008 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш, деп жазады korrespondent.net.  

   

 

Хабарламаларға жазылу