Грекияда аударылған қайықта 100-ге жуық бала болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда аударылған қайықта 100-ге жуық бала болған

15.06.2023

Грекияда аударылған қайықта 100-ге жуық бала болған. Бұл апат кезінде тірі қалғандардың мәліметі. Теңіздегі апатта қаза тапқандар саны 79-ға жетті. Жағалау күзетінің мәліметінше, 104 адам құтқарылған. Тағы жүздеген адам хабарсыз кеткен. Оларды іздестіру жалғасып жатыр. Апатқа қайық қозғалтқышының істен шығуы себеп болуы мүмкін. Грекияда үш күн қаралы деп жарияланды. Теңізге батқан қайық Ливияның Тобрук қаласынан Италияға бет алған. Таяу Шығыс, Азия мен Африка елдерінен қашқан босқындар үшін Грекия – Еуропа одағына апаратын негізгі бағыттардың бірі.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу