Жерорта теңізінде 471 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерорта теңізінде 471 мигрант құтқарылды

18.09.2023

Жерорта теңізінде суға батқан қайықтардан 471 мигрант құтқарылды. Оларды Италияның жағалау күзетінің қызметкерлері судан аман-есен шығарған. Құтқарылғандардың тең жартысына жуығы - балалар. Биыл Италияның Лампедуза аралына қауіпті теңіз жолымен 126 мыңдай шетелдік барған. Бұл былтырдан екі есе көп. Арал тұрғындары мигранттардың көбейіп кетуіне қарсылық ретінде шеруге шықты. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу