Басты Жаңалықтар ШҚО: Күршім өткеліндегі паром қызметіне шағым көп

ШҚО: Күршім өткеліндегі паром қызметіне шағым көп

Шығыс Қазақстандағы «Қызыл ту» өткелінің жұмысы облыс әкімі тарапынан сынға ұшырады. Естеріңізде болса, сағаттап паром күтуден жалығып, жұқа мұз үстімен жүруге мәжбүр болған Күршім жұрты туралы бейнематериал бірнеше күн бұрын Ұлттық арна эфирінен көрсетілді.

Сонымен қатар, өзекті мәселені жергілікті тұрғын «Нұр Отан» партиясының филиалындағы қабылдау кезінде Даниал Ахметовке жеткізді. Биыл көктемде Күршім өткелінің жұмысына жауапты серіктестік мемлекет қарамағынан жекенің қолына өткен. Бірақ, аймақ басшысы келісім-шарттың бір жақты етіп жасалғанын меңзеп, паром қызметін тексеруді тапсырды.   

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Тұрғындардан шағым көп. Пароммен өту бағасы болса қымбаттап кетті, бірақ ол туралы үндемейсіңдер. Жағдай жақсарғанның орнына кері кетті. Кеменің уақытымен жүру кестесі сақталмайды. Осы мәселені толық тексеріңдер, шарттың талаптарын орындамаса, келісімді бұзу керек. 

Бұл мәселе  көп кешікпей «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі бюросының отырысында  талқыланбақ.

Берік КӨШЕРБАЙ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу