Нақытырақ айтқанда, республикалық маңызы бар Орал-Атырау, Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-Жәнібек және облыстық маңыздағы трассаларда көлік қозғалысы тоқтады. Көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Бұл туралы тұрғындарға ескертілді.
Бүгін жол қайта ашылуы тиіс. Алайда, өңірде қолайсыз ауа райы әлі де сақталады. Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, қатты көктайғақ болады деп болжайды мамандар. Сондықтан, жолаушыларға сақ болуды ескертеді.
Марс Отаров, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:
-13-14 жетоқсанда көктайғақ болуы ықтимал. Жолдың жағдайы арнайы қызмет бақылауында. Егер қауіпті жағдай болатын болса, міндетті түрде жол жабылады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.