Басты Жаңалықтар Астанадағы КАЗГЮУ студенттері шет елдермен тәжірибе алмасады

Астанадағы КАЗГЮУ студенттері шет елдермен тәжірибе алмасады

Қазақстанда адам өлтірген әрбір үшінші қылмыскер бұрын қандай да бір қылмыстық заңбұзушылық жасаған. Бұл туралы Астанадағы КАЗГЮУ-де өткен құқықтық форум барысында айтылды. Жиынға әлемнің 6 мемлекетінен студенттер мен сарапшылар қатысып, адам құқығы мен ұлттық қауіпсіздік арасында байланыс орнату мәселелерін талқылады.

Халықаралық жастар форумы Еуропаның қауіпсіздік мен ынтымақтастық ұйымы және «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. «Жастар арасында адам құқығын насихаттау шараларын жүргізу маңызды», -дейді ұйымдастырушылар.

Форум қорытындысы бойынша, алдағы уақытта Заң университетінің студенттері Әзірбайжан, Грузия, Молдова сияқты елдерге барып, тәжірибе алмасады.

Сергей Пен, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ жоғары құқық мектебінің директоры:

- Бұл іс-шара арқылы елдіміздің құқық саласындағы үздік ұстанымдарын көрсеттік. Форум барысында қарулы қатығыс кезіндегі адам құқығы, ақпараттық терроризмдегі заңбұзушылық, әйел адамдарға қатысты зорлық-зомбылық тақырыптарында баяндамалар жасалды. Мұндай шара осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын қатысушылар саны мен шетелдерден келген сарапшылардың құрамы артып келеді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу