Сот сараптамасын енді жекеменшік мамандар жүргізетін болады
Астанада «Сот сараптамасын жаңғырту: басқару, білім беру, әділеттілік» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда осы тақырып талқыға түсті. Бірқатар функцияны жекенің қолына беру әлем тәжірибесінде бар. Нәтижесі де жаман емес. Дауласқан қос тарап та тәуелсіз сарапшының қызметіне жүгініп, зерттеу жүргізе алады. Ал, саладағы мамандардың көптігі бәсекелестік тудырып, сапаның артуына ықпал етеді.
Қалиолла Сейтенов, М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетінің профессоры:
- Басты мақсат - сот сараптамасының сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асыру, осыған орай белгілі заңдарға қосымшалар мен толықтырулар енгізу.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы