ШҚО-да 30 адам криптоалаяқтарға алданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 30 адам криптоалаяқтарға алданды

12.12.2018

Шығыс Қазақстан облысында 30 адам криптоалаяқтарға алданып, 27 миллион теңге ақшадан айырылып қалды. Полицейлердің айтуынша, Өскеменде қылмыстың мұндай түрі бірінші рет тіркеліп отыр. Ел-жұртты алдап, қалтасын қағу әдісін криптографиялық компанияда жұмыс істейтін екі әйел ойлап тапқан. Нақтырақ айтқанда, компанияның сайтында басшыларынан жасырын жаңа жүйе жасап қойған. Оған тіркеліп, қаржыны электронды әмиянға ақша салған адамдарға бір ай көлемінде үш еселеп қайтарып беремін деп сендірген. Осылайша, олар құйтұрқы әрекеттерінен WhatsApp желісі арқылы таратып, іске асырған. Аңқау халық желіде желдей есіп жүрген жарнамаға сеніп, электронды формада көрсетілген анкетаны толтырып, алаяқтарға ақшаларын ойланбастан аударып отырған. Қазір екі әйел ұсталып, кінәларын мойындады. Қылмыстық іс қозғалып, алаяқтар 3 жылға шартты түрде сотталды.

Қаламқас Салбанова, №2 Өскемен қалалық сотының судьясы:

- Жәбірленушілерге қылмыстық жолмен келтірілген залалдар бүгінде толық түрде өтелген. Қылмыстық Кодексте көзделген 199-бап бойынша алаяқтық жиі кездеседі. Бірақ, осы криптовалюта, яғни, биткоинға байланысты қылмыстық іс бірінші рет болып тұр.

Берік КӨШЕРБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу