Журналистер арасындағы мүшәйра өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасындағы мүшәйра өз мәресіне жетті

11.12.2018

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы». Дәл осындай атауды арқау еткен журналистер арасындағы мүшәйра өз мәресіне жетті. Осымен үшінші мәрте өткен сайыста «Үздік телевизия материалы» аталымында әріптесіміз Ержан Қалымбайұлы 1-орынға ие болды. Жеңімпаз арнайы төсбелгі мен қоса 1 млн. теңгені қанжығасына байлады. «Үздік радио материал» аталымында Қазақ радиосының редакторы Жанат Жанұзақов бірінші орын алды. Шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен кітапханасының қолдауымен жүзеге асты. Конкурстың мақсаты - еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін көпшілікке паш ету. Баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін  моральдық және материалдық ынталандыру –дейді, ұйымдастырушылар. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Журналистерді Астанада ғана емес, әрбір әкімдік, облыс қолдауы тиіс.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу