Шағын бизнеске шектеу қойылмасын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын бизнеске шектеу қойылмасын

11.12.2018

Шағын бизнеске шектеу қойылмасын. Осылай деп шағымданған қарағандылық кәсіпкерлер кейбір салық түрлерімен келіспейді. Мәселен, жасы 21-ге толмағандарға шылым немесе алкогольдік өнімдерді сатқаны үшін әкімшілік салықты сатушы емес, кәсіпкердің өтеуі дұрыс емес дейді олар. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек келісім шартының барлығына қарамастан мұндай жағдайда көбіне бизнес иесі қалтасынан қағылады. Бұған қоса, бірнеше айға лицензиясынан айырылады. «Сондай-ақ, осы алкогольдік ішімдіктерді сату үшін салынатын лицензиялық салықты да реттеу қажет», - дейді шағын кәсіп иелері. Олар супермаркеттер, басқа да үлкен сауда орындарымен бірдей салық төлеуге мәжбүр. Биыл оның жылдық көлемі 240 мың 500 теңгеге жеткен. Осындай шығындардың салдарынан еріксіз дүкенін жапқандар да бар. Осы шағымдарды айтып, жеке бизнес өкілдері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, басқа да мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға хат жолдады.

Бақыт Мизамбаева, жеке кәсіпкер:

- Осы лицензиялық салықты алсақ, үш жыл жылына 240 мың теңгеден астам қаражат төлейміз. Үлкен супермаркеттер де осындай сома төлейді. Енді бұл біз үшін, кішкентай дүкен ұстап отырғандар үшін үлкен қаражат.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу