Оралдың ірі супермаркеттерінде әлеуметтік бұрыш ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдың ірі супермаркеттерінде әлеуметтік бұрыш ашылды

11.12.2018

Мұнда азық-түлік бағасы нарықтағыдан 20 пайызға арзан. Әсіресе, картоп, көкөніс қымбат емес. Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға арналған мұндай дүкендер тағы ашылмақ. Жергілікті әкімдік 9 ірі сауда орнына ұсыныс жасап отыр. Бастама, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қолға алынып отыр. Арзан азық-түлікпен қамту үшін, көтерме сауда орындарының иелерімен және тауар өндірушілермен келісім жасалған. 

Нұргүл Ашықова, кәсіпкер:

- Қала әкімі әлеуметтік бұрыш ашуға ұсыныс жасады. Өзіміз сол кісінің ұсынысын қолдап, атсалысып жатырмыз. Әлеуметтік бұрыштан жағдайы төмен адамдар, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар көкөніс, азық-түлік алуына болады.  

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу