Қостанай  облысында заңсыз киік атқан браконьер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай  облысында заңсыз киік атқан браконьер ұсталды

10.12.2018

Полицейлер мен қорықшылар Арқалық-Торғай тасжолының  Шұбалаң ауылы тұсынан  Жангелдин ауданының тұрғынын тоқтатқан. Тексеру кезінде оның көлігінен аталық киіктердің 8 мүйізі табылған. Сонымен қатар, 12 калибрлі аңшы мылтығы мен 59 оқ болған. Мұнан әрі күдікті өзінің Албарбөгет елді мекенінің маңында 4 бөкенді атқанын мойындаған. Сосын мүйізін кесіп көлігіне салып алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Талғат Ахметов,  Жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау бөлімшесінің бастығы:

Оқиға орнына барып тергеу амалдарын жүргіздік. Күдікті көрсеткен жерден атылған киіктердің денесі, оқ гильзалары  табылды. Қазір оның бәрі зертханалық тексеруге жіберілді.  

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу