Дәурен Абаев: Қазақтілді сайттардың саны да, салмағы да артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев: Қазақтілді сайттардың саны да, салмағы да артып келеді

07.12.2018

Қазақтілді сайттардың саны да, салмағы да артып келеді. Қазақтілді контентті дамытуға арналған үшінші форумның ашылуында Ақпарат және коммуникациялар министрі осылай деді. Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде ақпараттық сайттар арқылы мемлекеттің саясатын xалыққа жылдам жеткізуге мүмкіндік бар. Мәселен, жұртшылық Елбасының «Руxани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының мағынасына тереңірек үңілген. Осы қарқын жалғасса, мемлекеттік тілдің мәртебесі өспек. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Әлем бір орында тұрған жоқ. Интернет түрлі бағыттар бойынша жан-жақты дамып жатыр. Сол себепті, аудиторияға қызықты контент, оқырманға тартымды портал қалыптастыру - бүгінгі заман талабы. Қазір қазақтілді сайттардың өз бағыты қалыптасып келеді. Осы жайт көңілге қуаныш ұялатады. Бүгінде нақты дерегі бар қысқа да нұсқа ақпарат құнды.  

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу