Қызылордада «Адалдық дүкені» ашылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің оқу ғимаратында орналасқан дүкеннен оқытушылар мен студенттер қажетті затын алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. Сатып алушыларды ешкім бақыламайды. Бейнекамера да, күзетші де жоқ. Сенім мен адалдыққа негізделген мұндай тәжірибе әлемнің кей елдерінде бар. Жастарды жақсы қасиетке баулуды көздеген жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға да әсер етеді. Алдағы уақытта сатушысы жоқ дүкенді өңірдегі барлық оқу орындарында ашу жоспарда бар.
Мұрат Ысқақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы:
- Жастарды адалдыққа, әділдікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында құрылып отыр. Сатушысы бар жағдай мен сатушысы жоқ жағдайдың арасында қаржы жағынан ешқандай айырмашылық жоқ. Бұл тұрғыда студенттерді үлкен өзгерістерге дайын екенін байқауға болады.
Ақерке БЕРІКБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.