Қазақстанда Түркі кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Түркі кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумы өтеді

05.12.2018

Келер жылы елімізде Түркі кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумы өтеді. Бұл туралы Түркі кеңесі мемлекеттерінің жастар және спорт министрлерінің отырысында мәлім болды. Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияланғандықтан, келер жылға елімізде бірнеше шара жоспарлап отыр. Түркі тілдес елдердің өкілдері IV халықаралық жастар лагері мен Түркі кеңесінің III халықаралық жастар фестивалін Қазақстанда ұйымдастыруға келісті.

Ал, Түркия тарапы жастарға салауатты өмір салтымен қоса, түбі бір түркі елдердің ұлттық дәстүрлерін дәріптеу үшін 2020 жылы Стамбұлда халықаралық көшпенділер ойынын өткізетін болды. 

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Жастар саясаты тек қана бір мәдени шарамен бітпейді. Бұл жерде қай елде қандай жастар саясаты бойынша тәжірибе бар, соны бізбен бөлісіп, ортақ ойларды айқындасақ деген ойдамыз. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу