Елімізде алғаш рет жалпыреспубликалық «Халықтық заңгер» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алғаш рет жалпыреспубликалық «Халықтық заңгер» акциясы өтті

03.12.2018

19 қалада мыңнан аса сарапшы мамандар тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берді. Астаналықтар бұл шараға аса қызығушылық танытты. Білікті адвокаттар мен құзырлы мекеме өкілдерімен тікелей тілдесіп, толғандырған сұрақтарына кеңес алу үшін 1,5 мыңға жуық азамат келген. Тұрғындарды, әсіресе, жер, баспана және медицина саласына байланысты сауалдар толғандырған.

Жалпыреспубликалық шара «Халыққа бір мезгілде тегін құқықтық кеңес көрсету» аталымы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына да өтінім берген. Қазір арнайы комиссия барлығының да ережеге сәйкес өткенін тексеріп жатыр.

Жазира Жылқышиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы:

- Мысалы, Астана қаласында 4 аудан болса, соларда кезегімен өткізуге болатынын біліп отырмыз. Өйткені, азаматтар үшін қаланың ана шетінен бері қарай келу біраз шығынды, уақытты талап етеді. Сондықтан да, бүгінгі қызығушылықты байқадық. Осыдан кейін енді барлық ауданда өткіземіз.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу