Елімізде медиация институтын дамыту мәселесі жөніндегі кеңес құрылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде медиация институтын дамыту мәселесі жөніндегі кеңес құрылмақ

30.11.2018

Елімізде медиация институтын дамыту мәселесі жөніндегі кеңес құрылады. Осы мақсатта жол картасы әзірленуде. Өйткені, қазіргі қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажет әрі медиаторлардың республикалық тізілімін түзу керек. Бұл бағыттарды жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылуда. Астана қаласында Қазақстандағы медиация институтының жағдайы мен даму болашағы талқыланған жиын өтті. Жалпы, бүгінгі күні елде 84 медиация орталығы жұмыс істейді. 2000-нан астам медиатор бар. Ал, медиация рәсімдерінің ең көп саны - қылмыстық даулар. 54 пайыз. Отбасылық және коммерциялық даулар бойынша да істер аз емес.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу