Ауылдықтар үшін «Болашақ» бағдарламасы мен Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқуға қабылдау талаптары тым қатал
Ауыл мектептерінің оқу-әдістемелік әрі материалдық базасы қала мектептерімен салыстыруға келмейді. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылу жағы да кемшін. Бүгін кезектен тыс 14-ші съезін өткізген «Ауыл» партиясының мүшелері алда осы мәселеге мән бермек. Айтуларынша, «Болашақ» бағдарламасы мен Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу талаптары да ауылдықтар үшін тым қатал. Осыған алаңдаулы партия мүшелері зияткерлік мектептеріне түсуге мүмкіндік беретін дайындық курстарын алыс аймақтардан ашып, арнайы квота бөлуді ұсынды. Сондай-ақ, съезде жергілікті тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету, коммуникациялық жүйелерді орнату және жол жөндеу мәселелері қозғалды.
Зинаида Багненко, «Ауыл» партиясы Павлодар қалалық өкілдігі төрағасының орынбасары:
- Ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту үшін көптеген шаруаны іске асыру керек. Жастарға білім беру мәселесі бар. Өйткені, олар мектеп бітіре салысымен қалаға кетіп қалып жатыр. Әрине, мұндай жағдай елді мекендердің дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе, шекарадағы ауылдардағы тұрғын саны күрт азайып барады.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы