Елордадан «Астана-Алматы» бағытындағы супермарафонның қатысушылары жолға шықты
Арқада аяз көтеріліп, қыс өз күшіне мінді. Бірақ, бұл марафоншылар үшін еш кедергі емес. Елордадан «Астана-Алматы» бағытындағы супермарафонның қатысушылары жолға шықты. Тәуелсіздік күніне орай белгілі спортшылар мен кәсіпкерлер және саясаткерлер қос астана арасында 1300 шақырымды жаяу жүгіріп өтпек. 6 күнге жалғасатын марафон барысында қатысушылар 6 елді мекенге тоқтап, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізеді. Осылайша, олар саламатты өмір салтын насихаттап, спорт үшін ешнәрсе де кедергі еместігін іспен көрсетпек.
Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:
- Біздің жігіттер қыс бойы, жаз бойы, ыстықта да, суықта да, 40 градус аязда да жүгіре береді. Жүгіргенде қайта бұлшық еттеріміз қызып, көңіліміз көтеріледі.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
