Ақтөбеліктер кешелі бері көктайғақтан зардап шегіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеліктер кешелі бері көктайғақтан зардап шегіп жатыр

30.11.2018

Облыстық жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне шағымданғандар саны әдеттегіден екі есеге көбейген. Нақтырақ айтсақ, 20 адам құлап, жарақаттанған. Үшеуі ауруханаға жатқызылып, басқалары алғашқы ем-домнан соң үйлеріне жіберілді. Дегенмен, құлап, қол-аяғын зақымдап алғандар әлі де келіп жатыр. Олардың көбі - егде жастағылар. 

Тамара Рыплина, қала тұрғыны:

- Дәрігерлер қолымның сынғанын айтты. Өз кеңестерін берді. Міне, аяқ киімімнің сыртынан шұлық киіп алдым. Барлық жер тайғақ, сақтану керек.

Сәкен Қапанов, облыстық Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері:

- Үшеуі аурухананың травматология бөлімшесіне және нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Үшеуінде бас жарақаты бар, қолдары сынған. Былайғы күндері 30-35 адам қаралса, көктайғаққа байланысты 50 науқас келіп қаралып отыр. Көбейіп жатыр.

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу