Басты Жаңалықтар Геннадий Головкин Қарағандыда тағы бір спорт кешенін тұрғызбақ

Геннадий Головкин Қарағандыда тағы бір спорт кешенін тұрғызбақ

Геннадий Головкин Қарағандыда тағы бір спорт кешенін тұрғызғалы жатыр. Өз қаражаты есебінен. Көпфункционалды орталық 5,5 мың шаршы метр аумақты қамтымақ. Сонымен қатар, келер жылы Қарағанды қаласында 1500 орынға арналған концерт залы, 50 метрлік жүзу бассейні мен күрес орталығының құрылысы басталады.

Жалпы, кенді өңірде бизнестің дамуы қарқынды. Әсіресе, шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпкерлік жобалары екі есеге артқан. Алғаш рет шағын несиелеуге 5,7 млрд. теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде, 1,5 мың жаңа жоба жүзеге аспақ. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында облыс әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде баяндады. Облыста құны 1 трлн. теңгені құрайтын 30 жаңа ірі инвестициялық жоба іске асуда. Олардың жетеуі биыл жұмысын бастайды. Соның бірі - Саран қаласындағы 100 мегаватты Күн электрстанциясы. Орталық Азиядағы қуаты ең күшті станиция жыл соңында іске қосылмақ. Ал, 1 айдан соң облыста коммуналдық қызметтер бойынша тарифтер төмендейді. 5-8 пайызға дейін. Бұдан бөлек, азық-түліктегі бағаның өсуін тежеуге байланысты шаралар да қабылдануда.  

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Биыл екінші жыл жергілікті фермерлермен меморандум жасалды. Нәтижесінде бюджеттік қаржыны пайдаланбай, 750 тонна көкөніс пен 1800 тонна картопты фермерлер өз қоймаларында сақтап отыр. Бұл бізге маусым аралығында баға қымбаттайтын кезде өнімдердің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соның арқасында бағаның негізсіз өсуіне жол берген жоқпыз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу