Қазақ елі –түркі әлемінің қара шаңырағы
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінде түбі бір түркітілдес халықтардың ортақ мұрасына ерекше мән берілді. Сан ғасырлық тарихы бар мәдениетіміз бен әдебиетімізді жаңғырту үшін түркологтардың конгрессі мен түркі халықтарының мәдени күндері өтетін болды. Ежелден түркі әлемінің бесігі болып келген қазақ елі осы тарихи рөлін қайта жандандырады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бас қосқан тарихшы ғалымдар осындай пікірде. Мойындалмай келген дүниелерді осы мақала игеруге, меншіктенуге, келешек ұрпаққа өзіміздің қандай тарихы терең ұлт екенімізді дәлелдеп, негіздеп беруге жол ашып отыр. «Өткеніңді білмей, болашаққа қадам басу қиын. 30 елдің қатарына кіру үшін әлемдік өркениетке қосқан үлесің де мол болуы керек. Ал, енді біз қандай үлес қостық? «Ұлы даланың жеті қыры» осыны түгендеп отыр», дейді ғалымдар.
Тимур Козырев, Халықаралық түркі академиясының бас ғылыми қызметкері:
- Түркі әлемі, түркі интеграциясы деген ұғымдар Қазақстанның сыртқы саясаты, геоэкономикалық саясаты үшін ғана емес, еліміздің ішкі дамуы үшін де өте үлкен серпін береді деп ойлаймыз. Себебі, қазақ халқының тарихи тамыры өте терең.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
