Ата-аналарды алдап соққан балабақша қожайыны сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-аналарды алдап соққан балабақша қожайыны сотталды

29.11.2018

Қарағандыда мектепке дейінгі мекемені гүлдендіруге деп елдің 47 миллион теңгесін қолды қылған Анна Богатова 5 жылға бас бостандығынан айырылды.  Ата-аналардан 1 миллион теңгеге дейін қарыз алған Богатова жұрттың балаларын балабақшада тегін тәрбиелеуге уәде берген. Алайда, ақшаны қайтаратын уақыт таяғанда күдікті сырт айналған. Ақыр аяғында, оған қарасты қаладағы 4 балабақша да жұмысын тоқтатты. Ғимараттардың жалдау ақысын төлемеген ол бизнестегі серіктесінің алдап соққанын алға тартты.  Дегенмен, судья оған елдің ақшасын қайтаруды міндеттеп, 5 жыл жаза кесті.  

Дарья Шахова, зардап шегуші:

- Маған 1 миллион теңге қарыз. Қарызды қайтаратынына сенімім аз. Өйткені, 50 миллион теңгеге жуық ақшаны төлеу мүмкін емес сиақты, меніңше. Бірақ, бас бостандығынан айырылғаны дұрыс болды. Өзіне де, басқаға да сабақ.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу