Отырар қаласы қалпына келтіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отырар қаласы қалпына келтіріледі

28.11.2018

Қазақтың даңқты тұлғалары бүкіл әлем еліктеуге лайық. Осы тұлғалар туралы фильмдер түсіріліп, ежелгі мәдениетімізді көрсететін мұражайлар ашылады. Ал, талай тарихтың куәсі болған Отырар қаласы қалпына келтірілмек. Президент «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен осындай тапсырмалар берді.

Мысырға жолы түскен кез келген қазақ Сұлтан Бейбарыс мұрасына зиярат етпей кетпейді. Жайық жағасында туып, Араб әлемін мойындатқан қолбасшы Мысырда 17 жыл билік құрды. Алтын Ордамен арадағы мәдениет пен білімнің өркен жайып, сауда-саттықтың жандануына атсалысқан тұлға.

Оралбай Әбдікәрімов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы:

- Ол құлдан билік басына жеткен.

Тарихшы-археолог, ғалым, жазушылар осы бір сәтті ұтымды пайдалануы тиіс. «Өйткені, Президент өз мақаласында өткенімізді түгендеп алуға даңғыл жол ашып берді», - дейді жазушылар.  

Несіпбек Айтұлы, С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры:

- Біз екінші сорт емес, бірінші сортты ұлы халықпыз.

«Нұр Орда» мектеп оқушылары алдағы уақытта тарихи мекендерге барып, суретке түсіп, Ұлы даланың ұлы тұлғаларына қатысты тың деректерді зерттеуге кіріспек. Жас буын ежелгі өнер және технологиялар музейін құрастыру идеясына өз үлестерін қосуға әзір. Оқушылар жазғы демалыста ежелгі Отырар қаласының орнына барып, тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге аттанбақ. Оның сыртында, «Алтын адам», жылқыны қолға үйрету, сауыт-сайман дайындау сынды қанға сіңген шеберліктерімізді дәріптеуге дайын.

Президент мемлекеттік тапсырыс арқылы ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды тапсырды. Бұл іске тек отандық қана емес, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тарту керектігін айтқан.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу