Басты Жаңалықтар Енді тариф белгілеу монополист компаниялардың жұмыс сапасына байланысты болады

Енді тариф белгілеу монополист компаниялардың жұмыс сапасына байланысты болады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалап, электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырған еді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында бүгін Мәжіліс Табиғи монополиялар туралы заң жобасын мақұлдады. Енді тариф белгілеу монополист компаниялардың жұмыс сапасына байланысты болмақ. Құжатқа сәйкес, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тиімділігін, сапасын арттыру мақсатында олардың қызметін реттеудің жаңа ынталандыру әдісі енгізіледі. Тарифтер бойынша тұтынушылардың мүдделерін қорғайтын институт құрылады. Сонымен қатар, тарифтік саясат жөніндегі кеңес жасақталады. Тарифтерді қалыптастыру механизмдері әрбір азамат үшін түсінікті болу керектігі айтылды.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу