Атыраудағы Жаңаталап ауылында Мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы Жаңаталап ауылында Мәдениет үйі ашылды

28.11.2018

Тұңғыш Президент күніне орай, Атыраудағы Жаңаталап ауылында Мәдениет үйі ашылды. 4 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекеннің құрылғанына - 70 жыл. Бұл содан бері ел игілігіне берілген, замануи түрдегі алғашқы Мәдениет үйі. Жаңа нысан 200 адамға лайықталған. Қос қабатты ғимаратта оқырман бөлмесі мен кітапхана, би залы және түрлі үйірмелер бар. Мұндағы сахна жаңа технологияға негізделген жарық беруші құрылғылармен көмкерілген. Алдағы бір-екі жылда, 2 мектеп пен 3 балабақша, сондай-ақ, дене шынықтыру кешенін салу жоспарлаған.

Зиба Бақитова, Әжелер ансамблінің мүшесі:

- Осының бәрі тәуелсіздігіміздің арқасы. Ауыл болмай, қала болмайды. Бәрі де ауылдан шығады.  Шәмші де, Мұқағали да ауылдан шыққан. Сондай азаматтар көбейсін.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу