Басты Жаңалықтар Алты жасар Әлидар үшін Қорғаныс министрлігі мәдени-тынығу бағдарламасын ұйымдастырды

Алты жасар Әлидар үшін Қорғаныс министрлігі мәдени-тынығу бағдарламасын ұйымдастырды

Алты жасар Әлидар үшін Қорғаныс министрлігі мәдени-тынығу бағдарламасын ұйымдастырды. Жеткіншек Павлодар облысынан. Ол көпшілікке инстаграмм желісінде әскери қару-жараққа жетік екенімен танымал. Генерал болуды армандаған бала өзінің зеректігімен таңқалдырып, әскери саланы ішінен көруге мүмкіндік алды. Экскурсия алдымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінен басталды. Онда Әлидарға берет пен погон және Халық қаһарманының кітабы сыйға тартылды. Бұдан соң оған әскери-тарихи мұражайдағы жәдігерлер таныстырылды. Тіпті десанттық-шабуылдау әскери бөліміне шақырып, техника мен қару-жарақ түрлерін көрсетті.    

Әлидар Омаров:

- Мен генерал болуды армандаймын. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке қарап бой түзеймін. Себебі, ол еліміздің үлкен армиясын басқарды. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу