Басты Жаңалықтар Қыста Астана аспанын басып қалатын көк түтіннің деңгейін төмендету бойынша бағдарлама әзірленді

Қыста Астана аспанын басып қалатын көк түтіннің деңгейін төмендету бойынша бағдарлама әзірленді

Еліміздегі өзекті экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары. Астанада өтіп жатқан Азаматтық форумда өзекті мәселе талқыға салынды. Қоғамдық белсенділер мен билік өкілдері бір үстелде бас қосып, бірлесе атқарар шаруаларды тізді. Мәселен, қыс мезгілінде Астана аспанын көк түтін басып қалады. Қоғамдық ұйымдар оның деңгейін барынша төмендету үшін түрлі ұсыныстар білдіріп жүр. Әкімдік осыны ескеріп 2020 жылға дейінгі арнайы бағдарлама да әзірлепті. Форум алаңында осы секілді бірнеше ұсыныстар айтылып, жауапты мемлекеттік мекемелерге жолданды. 

Елдос Абаканов, Қазақстанның экологиялық ұйымдары ассоциациясы басқарма төрағасының орынбасары:

- Астана қаласының қара түтін мәселесін айтатын болсақ, қысқа мерзімді арнайы кешенді жоба қабылданды. Бұл кешенді жоспар негізгі 8 бағыттан тұрады. Олар энергетика, көлік, су, көгалдандыру салалары және тағы да басқа бағыттар.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу