Ақтөбеде әр компания отандық өнімнің кемінде 12 түрін тұтынуы тиіс
Ақтөбеде жергілікті өнімді қолдауға басымдық беріліп жатыр. Өңір басшылығы 5 ірі кәсіпорынмен меморандумға қол қойды. Әр компания отандық өнімнің кемінде 12 түрін тұтынуы тиіс. Бұл басты шарт. Меморандум аясында жергілікті тауар өндірушілер көрмесі де ұйымдастырылды. Оған 50-ге жуық кәсіпкерлік нысаны қатысты. Жұртшылық назарына ұсынылған полиэтилен пакеттер, жол төсемелері мен жарық шамдардың барлығы қазір үлкен сұраныста. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған арнайы комиссияның мақсаты – өңір кәсіпкерлеріне қолдау көрсету. Бұл жұмыстардың нәтижесінде қазірдің өзінде отандық өнімге деген сұраныс 20 пайызға артып отыр.
Ілияс Дүйсембеков, кәсіпорын директоры:
- Ақтөбеде шығатын құрылыс материалдарымен таныстық. Оның ішінде есік, брусчаткалар бар. Бұрын біз оларды білген жоқпыз. Бүгіннен бастап салынатын нысандарға қолданамыз.
Жақсылық КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы