Басты Жаңалықтар 8 жылға сотталған Әліби Әуезхановтің туыстары сот үкімімен келіспей отыр

8 жылға сотталған Әліби Әуезхановтің туыстары сот үкімімен келіспей отыр

«Сот әділетсіз үкім шығарып, үш баланы әкесінен айырды». Қостанайда кісі өлтірді деп айыпталып, 8 жылға сотталған азаматтың туыстары мен қорғаушысы осылай дейді. Әліби Әуезханов мұндай күдікке маусым айында іліккен. Онымен бірге ішімдік ішкен екі адамның бірі келесі күні өлі күйінде табылыпты. Сараптама, марқұмның жан тапсыруына ауыр затпен басынан ұрған соққы себеп болғанын анықтады. Алайда, Әуезхановтың жәбірленушіні өлтіргенін ешкім көрмеген. Қылмысқа қатысты қару да табылмаған.   

Мұрат Әбілов, қорғаушы:

- Үкім бұрын сотталған, сондықтан да полиция қызметкерлеріне тәуелді екі куәгердің жалған куәлігіне ғана негізделді. Олардың сөздері істегі материалдармен сәйкеспейді. Үйлеспейтін тұстары көп. Сондықтан, үкім әділетсіз деп есептейміз. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу