Басты Жаңалықтар Әлеуметтік бейнероликтер байқауының қорытындысы жария болды

Әлеуметтік бейнероликтер байқауының қорытындысы жария болды

«Арыңды таза ұста». «Нұр Отан» партиясы дәл осындай атауды арқау еткен әлеуметтік бейнероликтер байқауының қорытындысын жария етті. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 20-дан астам туынды келіп түскен. Мәжіліс депутаттары, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен журналистерден құралған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. «Байқаудың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріп жатқан мемлекеттік саясатты насихаттау», - дейді партиялықтар. «Жемқорлықты жеңу үшін елімізде сан қилы тәсіл қолданылып жатыр. Ендігі орайда, бейнебаяндар арқылы елдің назарын жемқорлық секілді мәселеге аударғымыз келеді»,-дейді ұйымдастырушылар. 

Оралбай Әбдікәрімов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы:

- Жемқорлық мәселесі - өзекті мәселе. Халықты, жастарды тәрбиелеу керек.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу