Астанада әкім мен орынбасарлары енді тұрғындарды кабинетінде емес көпшілік алдында қабылдайды. Сол үшін шыны бөлме жасақталып, ішінде аудио және видео жазба жүргізіледі. Ал, фронт-кеңседе басқа салалық мәселелер бойынша халыққа 12 оператор қызмет көрсете бастады. Бұл - «Ашық кеңістік» деп аталады. Мұны Сарыарқа ауданы әкімдігі енгізіп отыр. Артықшылығы - азаматтар бұрынғыдай мамандарды күтіп, есік аралап жүрмейді. Керісінше, жұмыстарын жеңілдету үшін технологияның кей тұстарын жетілдіруге атсалыса алады.
«Астана – адалдық алаңы» жобасы негізінде Астана медицина университетінде «e-University» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Қажет құжаттар мен анықтамалар осы жерден беріледі.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.