Басты Жаңалықтар Семейде көктайғаққа байланысты оқушылар үшін сабақ доғарылды

Семейде көктайғаққа байланысты оқушылар үшін сабақ доғарылды

Семейде көктайғаққа байланысты оқушылар үшін сабақ болған жоқ. Таңертең 1 сыныптан 9 сыныпқа дейін, ал, түстен кейін 1-4 сынып оқушылары мектепке бармады. Синоптиктердің хабарлағанындай, желдің екпіні секундына 23-28, кей жерлерде 30 метрге дейін жетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста бірнеше күннен бері жол жабық 

Жанар Қанапина, білім бөлімінің бас маманы:

- Бұйрық негізінде климаттық жағдайларға байланысты білім беру ұйымдарында сабақтар тоқтатылу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, ата-аналардан келіп түскен ұсыныстарға байланысты Семей қаласының білім бөлімімен осындай шешім қабылданып отыр. Барлық мектептердегі жағдай бақылауда.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу