Елімізде азық-түліктің бағасы 1,9 пайызға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде азық-түліктің бағасы 1,9 пайызға қымбаттады

26.11.2018

Әсіресе, қант, қырыққабат, күріш, тауық еті сынды әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің бағасы өсті. Өйткені, аталған өнімдердің елеулі бөлігі сырттан тасымалданады. Алда мерекелі ай келе жатыр. «Осыған байланысты нарықтағы делдалдарды жою қажет әрі азық-түлік өнімдерін молайту керек», - деді отырыста Үкімет басшысы. Әсіресе, жаңа жыл қарсаңында бағаны ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде Тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарлары сатып алынбаған. Яғни, аймақтарда депозиттерде қаражаттың болуына қарамастан, бағаны реттеу шаралары тиісті дәрежеде орындалмай жатыр. 

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:

- Тұрақты қорларын қалыптастыру, штабтық жұмыстарын жандандыру Ақтөбе, Атырау, СҚО, Астана, Алматы қалаларында байқалады. Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында соңғы екі айда Тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алынбаған. 

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу