Басты Жаңалықтар Қазақстандық режиссерлер блокчейн технологиясы арқылы Америкада кино түсіріп жатыр

Қазақстандық режиссерлер блокчейн технологиясы арқылы Америкада кино түсіріп жатыр

Жобаға биткоин арқылы инвестиция тартылған. Фильм «Елес қала» деп аталады. Құны - 9 миллион доллар. Бүгінде осындай онлайн ақша арқылы қаржыланатын стартап жобалардың саны артқан. Отандастырымыздың, әсіресе, жастардың арасында криптовалютаға деген қызығушылық көбейген. Ал, дүниежүзінде биткоинды пайдаланатын 100 миллион адам бар екен. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Астанада өткен форумда да жаңа жобаларға инвестиция тарту қарастырылды. Жиынға ІТ саласының мамандары қатысып, пікір алмасты. Форум осымен екінші рет өткізіліп отыр. Келешекте ол дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. 

Ерлан Шайхынбаев, «Crowdsale Network» алаңының құрылтайшысы:

- Дамып жатқан технология заманында біздің жастар артта қалып қоймай, бүкіл бағыттарды уақытылы игеріп, уақытымен білулері керек. Өйткені, мен өз басым 2011 жылы интернет-дүкен құрып, жұмыс істеп жүрген кезімде электрондық ақша жасағым келді. Бірақ, биткоин туралы толық ақпарат болмағандықтан, көп жылды жіберіп алдым. Биткоинмен тек 2016 жылы таныстым. Онымен ертерек танысқанымда, көп жетістікке жетер едім.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу