Шығысқазақстандық жастар биыл облысқа 286 миллион теңге инвестиция тартты
«Zhas projeсt» жобасы бойынша 504 іскер азамат қаржылай қолдауға ие болып, тың идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы Өскеменде өткен жастар форумында айтылды. Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған шара барысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Бүгнде өңірде 265 мыңға жуық жас бар. Облыстағы жоғарғы оқу орындары мен колледждерде 66 мың студент білім алуда.
Айдар Садырбаев, облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:
- Елбасы Ұлы даланың 7 қырын айқындап берді. Оның барлығын әспеттейтін, әйгілейтін, келер ұрпаққа жеткізетін жастар. Демек, жастардың арқасындағы жүк өте ауыр. Оны қалай көтереміз, қалай жеткіземіз, ертеңгі іні ұрпақ қалай қабылдайды? Оның барлығы бүгінгі күннен басталады. Сондықтан, осының бәрін пысықтау мақсатында дәстүрлі 18-ші облыстық Жастар форумын өткізіп жатырмыз.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы