Астанада жеке сот орындаушылары наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жеке сот орындаушылары наразылық білдірді

23.11.2018

Астанада жеке сот орындаушылары наразылық білдірді. Өйткені, мемлекеттік кіріс комитеті оларды аяқ асты аукциондық салық төлеуге мәжбүрлеуде. Заң өкілдері болса, оны өтеуден бас тартып отыр. Олардың әрқайсында  ұзақ жылдар бойы миллиондаған берешек жиналып қалған.

Дулат Ерімбаев, Алматы облысының жеке сот орындаушысы:

100 мың табыстан 10 пайызды мемлекет пайдасына түсіреміз. Онымен қоса, 100 мың табыстың үстінен тағы да 150 мың өзіміздің табысымызды қосып мемлекетке төлейміз. Бір де бір елде сондай бар ма?

Еліміздегі мың жарымнан астам жеке сот орындаушының жартысына жуығы қазір осындай жағдайда. Барлығы  кезінде соттың шешімін күштеп орындау үшін борышкердің көлігі, пәтері секілді мүлкін аукцион арқылы сатып, арызданушыға ақшасын өндіріп беріп отыған.

Бірақ, ешқайсысы дер кезінде аукциондық төлем жүргізбепті. Бүгінде олардың салық бойынша қарызы 9 миллиард теңгеге жуықтаған. Ал, Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер болса, биылдан бастап аукциондық төлемді алып тастадық деп отыр. Бірақ, осыған дейін қарызы барлар салықты бәрібір төлеуі тиіс.

Олжас Отар, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы:

Мысалы, машинамен келе жатып қызылға өтіп кетсеңіз, байқамай қалдым, заңды білмедім десеңіз, сізге айыппұл жазбай қоймайды ғой. Оларға заң бұрыннан 2008 жылдан бері кодексте айқын көрсетіліп тұр. Қысқасы, бәрі төлейді, бәрі төлеуі керек.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу