Салықтық амнистияның игілігін 90 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілі көреді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Сол 90 мың кәсіпкерлік субъектісінің қазір 340 миллиард теңгеден астам салық қарызы бар.
Елбасы Жолдауында айтылғандай, олар келесі жылы салықтық амнистия мүмкіндігін пайдаланып, айыппұл мен үстемақы төлеуден босатылады. Ол үшін негізгі қарызды, яғни салық берешегін төлеу міндетті.
Осылайша, келер жылы кәсіпкерлерге 123 миллиард теңгеге жуық айыппұл мен 7 миллиард теңгеден астам үстемақы қарызы кешіріледі. «Нұр Отан» құзырлы органдарға бұл шешімнің құқықтық құжаттарын қабылдауды тездету керектігін айтты.
Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл әр түрлі жағдайлармен салықтарын өтей алмай жүрген бірқатар кәсіпкерлерге үлкен қолдау болады деп ойлаймын. Салық амнистиясы бірінші рет өтіп отырған жоқ. Елбасының жолдауларында осындай іс-шаралар өткізіп жатыр. Әрбір осындай іс-шара экономикамыздың алға басуына, кәсіпкерліктің дамуына өз үлесін қосып жатыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.