Қазақстан дінтанушыларының VIII форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан дінтанушыларының VIII форумы өтті

23.11.2018

Диструктивті ағым жетегінде кеткендер саны кеміп келеді. Бүгін дінтанушылардың VIII форумында осы ой жиі айтылды. Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арынның айтуынша, соңғы екі жылда елімізден Сирияға соғысқа аттанған адам жоқ. Жиынның басты мақсаты - деструктивті ағым жетегінде кеткен азаматтарды кері қайтару және оларды қоғамға бейімдеу. Бұл істе білікті теологтар мен имамдардың рөлі ерекше. Басқосуда қоғамда талас туғызған заң жобасы да сөз болды.  Мәселен, қоғамдық орындарда бетін тұмшалап жүруге тыйым салатын заң жобасы сол қалпында қалған. Бұл орайда тыйым, тек, діни киімдер емес, маска тағуға да қатысты болып тұр.

Берік Арын, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі:

- Сақал сантимермен өлшене ме, әлде басқамен бе? Әлде өлшенбей ме? Оны кейін талқылаймыз. Сарапшыларды және ресми тіркелген бірлестіктердің өкілін тартамыз. Солардың пікірін ескере отырып, дайындайтын боламыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу