Көмір тасуға вагон тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмір тасуға вагон тапшы

23.11.2018

ШҚО-да көмір тапшылығының туындауына вагон жетіспеушілігі себеп. Бұл туралы «Қаражыра» кенішінің басшысы мәлімдеді. Осының салдарынан қыс түспей жатып, жұртқа қатты отын жетпей қалды.  Жалпы, биыл «Қаражыра» кенішінен Шығыс Қазақстан облысына 851 мың тонна көмір берілуі тиіс болатын. Алайда, сұраныс жоғары болған соң, 955 мың, яғни, 104 мың тонна көмір артық өндірілген. «Қаражыра» басшылары бар көмірді вагон тапшылығынан діттеген жерге жеткізе алмай отырғанын алға тартса, тасымал үшін жауаптылар мұндай проблема жоқ екенін айтуда.  

Мағауия Оразқұлов, облыстық «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалы бөлімшесінің директоры:

- Проблема болмайды. Қазақстанда жабық, астық тасымалдайтын вагон - барлығы жетеді. Көмірге ешқандай проблема болмайды. Қараша-желтоқсан айларының жоспары бойынша, әкімдіктің  берілген жоспарымен 2200 тонна қараша айына алуымыз керек. 2400 тонна желтоқсан айына алуымыз керек. Соның ішінде техникалық көмір де, тұрмыстық көмір де бар.

Марғұлан Мәкішев, «Қаражыра» АҚ бас директоры:

- Тапсырыс берген вагондар толық келмейді. Мысалы, осы қараша айына 412 вагон сұрасақ, бізді осы күнге дейін 330 вагонмен қамтамасыз етті. Кеніште көмір жеткілікті, сол вагондар ғана тапшы. Дегенмен, қайталап өтейін, Шығыс Қазақстан облысы осы күнде 104 мың тонна көмірді артық алды. 

 

Берік КӨШЕРБАЙ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу