Таразда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын түсіндіретін халықтық кеңсе ашылды
Тұрғындар орталыққа келіп, кеңес алып, құжаттарын жинай алады. Өйткені, бағдарламаға қатысушы барлық екінші деңгейлі банк өкілдері бір жерге тоғыстырылды. Халықтық кеңсе ашылмай тұрып, үй кезегінде тұрған 16500 адамның ішінен бағдарламаға қатысуға 300-і ниет білдірген болатын. Мамандар ашылған күні-ақ 42 тұрғынға қолдау көрсетті.
Саламат Аманбаев, Тараз қаласының тұрғыны:
- «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алуға ниеттенген едік. Көп болды үй ала алмай жүргенімізге. Әкімшілікке бір сандалып, банкке бір сандалып жүретінбіз. Қазір осы жерден офис ашылып, осы жерден бітетін болып жатыр құжаттың бәрі. Осы бізге тиімді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы