«КТК» арнасының ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған
Бүгін «КТК» арнасына белгісіз біреу қоңырау шалып, ғимаратқа «жарылғыш зат» қойылғанын айтқан. Бұл ақпарды естісімен арнадағы жұмысшылар дереу эвакуацияланды.
Сағат 12:45 шамасында түскен бұл хабар бойынша 1 сағатқа жуық тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде аталған мәліметтің жалған екені белгілі болды. Қазіргі сәтте жалған ақпаратымен жұмысшыларды қорқытқан ер азаматты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Cалтанат Әзірбек, Ішкі істер департаментінің ресми өкілі:
Бұл қылмысқа қатысы бар тұлға анықталып отыр. Ол міндетті түрде ұсталып, Қылмыстық кодекстің 273-ші бабының нормалары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл баптың санкциясына сәйкес, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы